Ван Дейк: «Ван де Бектің «МЮ-ге» ауысқаны Нидерланды футболы үшін керемет қадам

01.09.2020, 22:07
«Манчестер Юнайтедтің» орталық алаңы тағы бір керемет ойыншымен толықты.
Ван Дейк: «Ван де Бектің «МЮ-ге» ауысқаны Нидерланды футболы үшін керемет қадам

«Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил ван Дейк «Аякс» клубының жартылай қорғаушысы Донни ван де Бектің «Манчестер Юнайтедке» ауысуы туралы пікір білдірді.

«Бұл трансфер шынымен болатын сияқты. Мен оған шын жүректен бар жақсылықты тілеймін. Бұл ол үшін де, Нидерланды футболы үшін де керемет қадам. Ал бізді Нидерланды ойыншысының керемет клубқа ауысқандығы қуантады. Бұл "Манчестер Ситиге" ауысқан Натан Акеге де қатысты. Мен екеуі үшін де қуаныштымын», - деді Ван Дейк.

Айта кетейік, Ван де Бек жақын күндері "Манчестер Юнайтед" ойыншысы атанады. Ол медициналық тексерістен де өтіп үлгерген екен. Трансфер құны 40 миллион еуроны құрайды деп күтілуде

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×