Ван Перси «Алтын допқа» үміткерлердің тізімін жасады

09.07.2020, 16:20
Бұл тізімде әлемнің ең үздік екі ойыншысы жоқ екен.
Ван Перси «Алтын допқа» үміткерлердің тізімін жасады

«Манчестер Юнайтед» және «Арсенал» клубтарында ойнаған голландиялық шабуылшы Робин ван Перси Твиттерде «Алтын доп» үшін күрестің нәтижесін болжап көрді.

Оның ойынша, марапатты Мюнхендік «Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски алады. «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне рейтингінің екінші сатысына жайғасады. Үздік үштікті «Ливерпуль» шабуылшысы Садио Мане аяқтайды.

36 жастағы экс-шабуылшы бұл тізіміне «Алтын доптың» 5 дүркін жеңімпазы Криштиану Роналду мен 6 дүркін сыйлық иегері Лионель Месси кірмеген.

Осы маусымда Левандовски «Бавария» үшін барлық турнирлерде 42 кездесуде соғылған 49 голдың авторы атанды. Сонымен қатар, поляк шабуылшысы "Алтын бутсы" үшін таласта да көш бастады. Ағымдағы маусымда Премьер-лигада Де Брюйне 30 матч өткізіп, 11 гол соғып, 18 голдық пас берген. Ал 28 жастағы Мане Премьер-Лиганың 31 матчында 16 гол және 9 нәтижелі пас шығарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×