VAR-дың қателігінен Барселона жеңіліс тапты

Кеше Испан Ла Лигасында Реал Сосьедад өз алаңында Барселонамен кездесті. Чемпионатта қарсылас шақ келтірмей келе жатқан Хансе Флик командасы 1-0 есебімен есе жіберген болатын.

VAR-дың қателігінен Барселона жеңіліс тапты

Бірақ, ойыннан кейін матчтың нәтижесіне қатысты үлкен дау туды. Өйткені, бірінші таймда «блауграна» шабуылшысы Роберт Левандовский қақпа алдындағы қарабалас сәттердің бірінде гол соққан. Алайда, VAR жүйесі оффсайд анықтап, поляк футболшысының голын есепке алмай қойды. Екінші кезеңде Сан-Себастьяндық команда жеңісті жұлып әкетті. Ал матчтан кейін сарапшылар Левондовскидің голында VAR жүйесінің автоматты түрде оффсайдты анықтайтын роботтың қателігін көрсетіп, қате шешім қабылданғанын дәлелдеуде. Шабуыл сәтінде робот Сосьедад қорғаушысы Найеф Агердің бутсысын поляк шабуылшысының аяғымен шатастырып алған. Дегенмен, Ла Лига басшылығы бұл жағдайға көз жұма қарап, есеп өзгеріссіз қалатынын жеткізді. Осылайша мақтаулы VAR-дың олқылығынан католондықтар біріншілікте екінші жеңілісін тапты.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Барселона
Aladop Youtube
×