Испания чемпионатының 7-турында өткен "Барселона" - "Реал" (1:3) матчындағы VAR көмекшісі Хосе Мария Санчес Мартинес бас төреші Хуан Мартинес Мунуэраға каталондық клубтың айып алаңында қорғаушы Серхио Рамостың құлағанынан кейін пенальти тағайындамауға кеңес берген, деп хабарлайды Sport.es.
Дереккөздің хабарлауынша, Мартинес Мунуэраға "Барселонаның" қорғаушысы Клеман Ланглге қарсы бірінші болып Рамостың тәртіп бұзғанын айтқан. Алайда бас төреші көмекшінің кеңесіне құлақ аспай, пенальти тағайындады.
Осыған байланысты "Барселона" дәл осы сәтте не болғанын анықтау үшін Мунуэра мен VAR көмекшілері арасындағы әңгіменің аудиожазбасын сұратуды жоспарлап отыр. "Барселона" төрешілерді тағайындауға жауапты Веласко Карбальо бастаған клубқа қарсы істің қозғалатынына сенімді.
Біздің серіктес: FONBET