Вардан Минасян қыста Қазақстанға оралады деп күтілуде

Маманның қызметіне ақтаулық "Каспий" клубы жүгініп отыр екен, деп жазады ASNews.

Вардан Минасян қыста Қазақстанға оралады деп күтілуде

Қос тарап қазірде екіжақты келіссөздер жүргізуде. 

Айта кетейік, Ақтаулық "Каспий" командасы Бірінші Лигасының осы маусымында мерзімінен бұрын Премьер Лигаға жолдама алып қойған болатын. Деңгейі жөнінен екінші сатыдағы чемпионатымызда Руслан Эсатов шәкірттері 62 ұпаймен әзірге көш басында келеді. 

Варданға келетін болсақ, армениялық бапкер кезінде “Тобыл” мен “Таразды” жаттықтырды. Шетелдік маманмен бірге, оңтүстік ұжым жақсы нәтижелер көрсетті. Алайда клубтың қаржылық қиындықтарға тап болуымен Минасян өз қызметінен кеткен болатын.

51 жастағы маман өз елінде 6 мәрте Арменияның үздік бапкері атанған. Сол себептен, бұл маманның тәжірибесі мол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

“Каспий” ФК
Aladop Youtube
×