Вардан Минасян: «Біз ширек финалда кез-келген қарсыласпен ойнауға дайынбыз»

16.08.2021, 15:51
Жамбылдық клуб келесі кезеңде «Шахтер» немесе «Қызыл-Жар» командасымен ойнайды.
Вардан Минасян: «Біз ширек финалда кез-келген қарсыласпен ойнауға дайынбыз»

«Тараздың» бас бапкері Вардан Минасян Қазақстан Кубогінің топтық кезеңіндегі «Мақтааралмен» болған ойын (1:1) туралы пікір білдірді:

- Тағы да, соңғы матчтағыдай, ойын екі түрлі таймға бөлінді. Біз бірінші таймды өте жақсы және сапалы өткіздік, гол соқтық және қорғаныста сенімді ойнадық, пайдалана алмаған мүмкіндіктеріміз де болды. Екінші тайм өте нашар болды, біз өзіміздің қателігімізден кейін гол жіберіп алдық. Бірақ ойынның соңғы 15 минутты біздің бақылауымызбен өтті.

Команданың кубоктегі ойындары психологиямен көбірек байланысты. Кейде біздің команда бірінші болып гол жіберіп алды, бірақ мінез көрсетіп, жеңіске жетті. Ал біз бірінші болып гол салғанда, нәтижені сақтауға тырыстық. Негізінде бізге ойынды бақылап, есептегі басымдықты арттыруға тырысу керек.

- Сіз «Мақтааралды» да топтан шығу үшін күреседі деп күттіңіз бе?

- Жағдай солай болды. Мысалы, «Тобыл» екі ойында да негізгі құраммен шыққан жоқ «Мақтааралдың» ойыны маған өте жағымды әсер қалдырды. Команда сауатты ойнайды, дайындалған, ұйымшыл екен. Бапкердің жасаған жұмысы көрініп тұр.

- Ненад Адамович алаңға шығуға дайын ба?

- Ненад бұл ойынға қатысуы мүмкін еді, бірақ Бірінші Лига командаларына қарсы ойында легионерлерге қойылған шектеуге байланысты ол өтінімге енбеді.

- Ширек финалда кіммен кездескенді қалайсыз - «Шахтер» немесе «Қызыл-Жар»?

- Біз кез-келген қарсыласпен ойнауға дайынбыз.

- «Тараз» өз алаңында жанкүйерсіз ойнады. Сіз олардың жоқтығын сездіңіз бе?

- Бұл команда үшін маңызды фактор. «Тараз» үшін өз жанкүйерлерімен ойнау өте маңызды. Олар командаға көп көмектеседі және жағымды эмоциялар сыйлайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×