Жақында "Тараз" клубының бас бапкері қызметіне тағайындалған Вардан Минасян командада шетелдік ойыншылар көп болмауы керек деп санайды. Бұл туралы ол клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтты.
- Вардан Размикұлы, "Таразды" баптау туралы ұсыныс қалай түсті және оны қалай қабылдадыңыз?
- Маған клубтан қоңырау түсті, клубты жаттықтыруға ұсыныс жасады. 10-15 күн бойы біз осы ұсыныс туралы ойландық. Мен, ең алдымен, басшылықтың клубтың дамуына қалай әсер ететінін білгім келді. Маған басшылықтың командаға қойған тапсырмалары ұнады, мен келісімімді бердім.
- Клуб туралы не білесіз?
- Мен клубтың керемет футбол дәстүрлері бар екенін білемін. Бұл оңтүстік өңірден әрдайым дарынды футболшылар шығады, бұл жергілікті мектептің өте жақсы жұмыс істеп жатқанын білдіреді. "Тараз" командасының өзі тапсырылған міндеттерді мүлтіксіз орындайтын клуб. Мен 2015 жылы "Тобылдың" бас бапкері ретінде "Таразға" қарсы бірнеше матч өткіздім. Барлық ойындар тартысты өтті, өйткені жамбылдық клуб доппен ойнағанды жақсы көреді.
- Соңғы жылдарда жасаған жұмысыңызға көңіліңіз тола ма?
- Соңғы екі жыл бойы мен "Арарат-Армения" командасының бас бапкері болып жұмыс істедім. Олар екі рет чемпион атанды, Суперкубокті алды, Еуропа Лигасына қатысып, төртінші кезеңге дейін жетті. Топтық кезеңге жолдама алғымыз келді, бірақ плей-офф кезеңінде қарсыласқа пенальтиден жол бердік. Менің ойымша, біз жақсы нәтижеге қол жеткіздік.
- Сіздің алдыңызға нақты міндеттер қойылды ма?
- Тапсырмалар маған түсінікті, бірақ оны басшылықтың айтқаны дұрыс. Менің ойымша, осылай дұрыс болады.
- Құрамды жасақтау туралы не айта аласыз?
- Осы бағытта жұмыс жүріп жатқан кезде мен нақты ештеңе айта алмаймын. Бір нәрсені нақты айта аламын: командада легионерлер көп болмайды. Біз олардың сапасына назар аударуымыз керек. Командада көбірек болуы тиіс жергілікті ойыншылар солармен бірге ойнап, үлгі алуы керек. Біз осы тактиканы ұстанамыз.
Біздің серіктес: FONBET