Вардан Минасян: «Тараз» әрқашан батыл ойнайды, бар мәселе қарсыластың бұған қаншалықты рұқсат беруінде»

19.10.2021, 17:26
Жамбылдықтар келесі турда «Ордабасымен» кездеседі.
Вардан Минасян: «Тараз» әрқашан батыл ойнайды, бар мәселе қарсыластың бұған қаншалықты рұқсат беруінде»

"Тараздың" бас бапкері Вардан Минасян Премьер-лиганың 24-турында "Жетісуға" қарсы өткен ойынды (2:1) қорытындылады,

- Вардан Размикұлы, тараздықтар шабуылда жақсы ойнап, қақпаға 19 рет соққы жасады. Сіздер шабуылдаушы футбол есебінен қарсыласыңыздан асып түсе алдыңыздар ма?

- Біз ойынды жақсы бастадық, допты бақылаумызға алдық және бірінші таймда матчтың нәтижесін шеше алар едік. Бірінші таймдағы ойынның соңғы 10 минутында қарсыластар ойынды теңестіріп, стандарттан гол соғатын мүмкіндік. Екінші таймда еңбегіміздің нәтижесі голға айналды. Бұл ойында бізде мотивация көбірек болды. Шабуылшы футболға келетін болсақ, "Тараз" әрқашан батыл ойнайды, бар мәселе қарсыластың бұған қаншалықты рұқсат беруінде.

- Досмағамбетов шабуылдарға жиі қосылып, екінші голды соқты. Мүмкін оны шабуылға жиі шығару керек пе?

- Біздің қос қапталдағы қорғаушыларға белсенді ойнау туралы осындай тапсырмалар бар. Екінші гол соғылар сәтте Әмірханов пас асырды ал Тимур Досмағамбетов шабуылды сәтті аяқтады. Ол әмбебап ойыншы, ол қапталдағы жартылай қорғаушы ретінде ойнай алады,

- Бұл жеңістен кейін тараздықтар турнир кестесінің бірінші жартысына енуге мүмкіндік алды. Осы тұрғыдан алғанда, "Ордабасымен" болатын ойын көп нәрсені білдіреді...

- Біз оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз. Соңғы ойындарда екі нәрсе маңызды болады: мінез бен мотивация.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×