«Тараздың» бас бапкері Вардан Минасян «Атыраумен» болған кездесуді қорытындылады:
- Вардан Размикұлы, соңғы ойында жеңіске жетуге себеп болған факторды айта аласыз ба?
- Ойын біз үшін өте эмоционалды болды. Сіз алаңның барлық бөліктерінде доп үшін күрес болғанын көрдіңіз. Екі команда да осы ойынның нәтижесі топтағы жағдайды шешетінін түсінді. Жеңіс біздің жағдайды айтарлықтай жақсартты, ал жеңіліс қарсыласқа күресті жалғастыруға математикалық мүмкіндік берді. Мұндай сәттерде көп нәрсені психологиялық көзқарас пен бапкердің қойған ойыны шешеді. Бақытымызға орай, осы тұрғыдан алғанда біздің команда тактикалық сауаттылықты да, жағымды эмоцияларды да көрсетті. Біз алаңда бір-бірімен түсінісіп ойнаған нағыз команданы көрдік.
- Матчтың тағдыры бір голмен шешілді - Арман Нүсіптің пасынан кейін Урош Ненадович гол соқты. Трансферлік терезеде командаға қосылған бұл ойыншылар сізді қанағаттандырады ма?
- Біз Урош пен Арманды таңдағанда, олар шынымен де команданы күшейтеді деп үміттенген едік. Жалғыз сұрақ - бейімделу. Бұл процесс тез өтеді деп үміттенемін. Бұл біздің тағы бір жаңадан келген ойыншымыз Тимур Досмағамбетовке де қатысты.
- «Тараздың» ширек финалға шығу мүмкіндігі 80 пайызды құрайды деп айта аламыз ба?
- Жоқ, бізде тағы екі ойын бар, біз оларға мұқият дайындаламыз, себебі топтағы жағдай күрделі. Тіпті «Мақтааралдың» бізді қуып жетуге теориялық мүмкіндігі бар және бізге топтан ресми түрде шығу тапсырмасын орындамайынша, босаңсуға болмайды. Әлі болмаған нәрсеге ешқашан сенімді болудың қажеті жоқ.
«Тараз» ФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET