Василий Уткин "Баварияның" болашақ бапкерін айтты

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
22.02.2024, 15:11

Танымал Ресейлік спорт комментаторы және журналист Василий Уткин "Баварияның" бапкерлігіне Отандасы, бапкер Александр Мостовойды ұсынды. Бұл туралы Уткин өзінің YouTube-арнасында айтқан болатын. 

Василий Уткин "Баварияның" болашақ бапкерін айтты

Василий Уткин: “Мен “Баварияның” орнында болсам асықпай, Ресей жаңалықтарына құлақ түрер едім. Бүгін Жаңа жаттықтырушылар мектебінің бір өкілі Мостовойдың бапкерлер дәрісіндегі талпынысы туралы, оның бапкерлік өнердің қыр-сырына қанықсам деген зор ниеті жайлы айтып жатыр. Сондықтан, “Баварияға” кішкене тоса тұрған жөн. Мостовойды әлі ешкім “Баварияның” жаттықтырушысына үміткерлер тізімінен алып тастаған жоқ” деп әзіл-қалжың аралас пікірін айтты. 

Естеріңізде болар, маусым соңында мюнхендік клубтың бас бапкері Томас Тухельдің өз орнынан кететіні белгілі болды.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×