Венгрия бұл жолы Германиядан ұпай тартып алды

24.06.2021, 13:16
Венгрлер бұл турнирді үлкен абыроймен аяқтады.
Венгрия бұл жолы Германиядан ұпай тартып алды

Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің 3-туры қарсаңында Германия мен Венгрия құрамалары кездесті. Матч Мюнхендегі (Германия) "Альянц Арена" стадионында өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды.

11-минутта венгриялық шабуылшы Адам Салаи есеп ашты. Немістер тек 66-минутта ғана есепті теңестірді - жартылай қорғаушы Кай Хаверц ерекшеленді. Бір-екі минуттан кейін венгрлер тағы да алға шықты - бұл жолы Андраш Шефер көзге түсті. 84-минутта немістер жартылай қорғаушы Леон Горецканың голының арқасында бір ұпайға ие болды. "Баварияның" жартылай қорғаушысы Йозуа Киммих осы матчтың үздік ойыншысы атанды.

Еске сала кетейік, F тобында немістер мен венгрлерден басқа Франция мен Португалия құрамалары ойнады. Топтағы кездесулердің нәтижесінде Франция, Португалия және Германия құрамалары плэй-офф кезеңіне өтті, ал Венгрия құрамасы турнирді осы жерден аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×