Бүгін, 19 маусымда Венгрия мен Франция құрамалары арасындағы матч өтті. Еуропа чемпионатының екінші турындағы кездесу Будапешттегі (Венгрия) "Пушкаш Арена" стадионында өтіп, тең есеппен аяқталды - 1:1.
Бұл матчтағы алғашқы гол бірінші таймның соңында соғылды. Венгрия қорғаушысы Аттила Фиола сәтті қақпаның дақын бұрышын дәл көздеді. 66-минутта, француз шабуылшысы Антуан Гризманн есепті теңестірді. Айта кету керек, француздар осы уақытқа дейін Еуропа чемпионатында венгрлерді жеңіп көрмеген. Ал "Астананың" экс-жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслер матчтың үздік ойыншысы атанды.
Осылайша, Франция 4 ұпай жинап, F тобында бірінші орынға шықты. Венгрия бір ұпаймен ең соңғы орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET