Италия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Кристиан Вьери «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессидің кешегі «Ювентуспен» болған матчтағы ойынына таңданысын білдірді.
«Месси - сиқыршы. Бұл футболдан шыққан Гарри Поттер. Ол мансабын аяқтаған кезде мен теледидарды лақтырып тастаймын. Мен енді теледидарда жұмыс істемеймін, Netflix-ті көремін, болды. Себебі Леоның ойынынан кейін ештеңе көргің келмейді», - деді Вьери AS басылымына берген сұхбатында.
Месси - «Алтын доптың» алты дүркін иегері. 33 жастағы аргентиналық ойыншы «Барселонамен» бірге осы уақытқа дейін 34 трофей жеңіп алды, оның ішінде 10 рет Испания чемпионатының және төрт рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.
Біздің серіктес: FONBET