«Вест Хэм» «Сити» жасай алмағанды жасады

02.07.2020, 08:16
Кеше «Манчестер Ситиді» ұтасың, бүгін «Вест Хэмнен» ұтыласың. Міне, АПЛ-дің кереметтілігі осында.
«Вест Хэм» «Сити» жасай алмағанды жасады

Англия чемпионатының 32-турының матчында «Вест Хэм Юнайтед» «Челсиді» қабылдаған болатын. Кездесу Лондондағы «Олимпийский» стадионында өтті және алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

42-минутта кездесудің бас төрешісі Мартин Аткинсон «Вест Хэм» қақпасына пенальти белгілеп, оны «Челсидің» шабуылшысы Виллиан сәтті орындады. Бірінші таймныңа яқталар уақытында жартылай қорғаушы Томаш Соучек есепті теңестіріп кетті. 51-минутта шабуылшы Майкл Антонио «Вест Хэмді» алға шығарды. Ал 72-минутта Виллиан айып соққысын керемет орындап, дубль жасап, есепті теңестірді. Кездесудің соңында 89-минутта «Вест Хэм» шабуылшысы Андрей Ярмоленко қорытынды есепті орнатты. Жалпы есеп 3:2, Дэвид Мойес шәкірттерінің пайдасына.

«Вест Хэм» 30 ұпай жинап, Англия Премьер-лигасының кестесінде 16-орынға тұрақтады. Челси (54 ұпай) - 4-орында. Осылайша 3-ші орында тұрған "Лестер Сити" мен 5-ші орындағы "МЮ-ді" 3 қана ұпай бөліп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×