Виери: «Лукаку «Баварияда» ойнағанда Левандовски сияқты көп гол соғар еді»

16.12.2020, 01:47
Экс-футболшы керісінше, Левандовски «Интерде» ойнаса қазіргідей көп гол соқпас еді деп ойлайды.
Виери: «Лукаку «Баварияда» ойнағанда Левандовски сияқты көп гол соғар еді»

Италияның бұрынғы футболшысы Кристиан Виери "Интер" шабуылшысы Ромелу Лукаку мен "Бавария" шабуылшысы Роберт Левандовскиді салыстырды.

"Егер Лукаку "Баварияда" ойнаған болса, онда ол Левандовски сияқты көп гол соққан болар еді. Ал егер Роберт "Интерде" ойнаған болса, қазіргідей көп гол соқпас еді. Мен Лукакуды Кейннен мықты деп ойлаймын. Ол Агуэро мен Тевестің біріккен нұсқасы", - деп келтіреді Football Italia Виеридің сөзін.

Лукаку "Интерге" 2019 жылы "Манчестер Юнайтедтен" ауысты. Осы маусымда 27 жастағы бельгиялық шабуылшы А сериясының 10 матчына қатысып, 9 гол соғып (1 пенальтиден), 2 нәтижелі пас берді.

Левандовски "Баварияның" намысын 2014 жылдан бері қорғап келеді, оған дейін ол "Боруссия Дортмундта" доп тепкен. 32 жастағы поляк шабуылшысының еншісінде Бундеслигада өткізген 10 кездесуі, соққан 13 голы (2 - пенальтиден) және 4 нәтижелі пасы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×