Виктор Бонифейстің “АС Миланға” ауысуы медициналық тексерістен кейін жүзеге аспады

25.08.2025, 16:30

"АС Милан" клубы "Байер Леверкузен" шабуылшысы Виктор Бонифейстің трансферін ресми түрде тоқтатты. Бұл шешім Нигериялық футболшы Италияда өткен медициналық тексерістен өте алмағаннан кейін қабылданды.

Виктор Бонифейстің “АС Миланға” ауысуы медициналық тексерістен кейін жүзеге аспады

Фабрицио Романоның және сенімді ақпарат көздерінің мәліметінше, Милан клубы мен Бонифейс арасында ауызша келісім жасалған болатын. Ол бойынша "Милан” €5 миллион көлемінде жалға алу ақысын төлеп, кейіннен ойыншыны €24 миллионға сатып алмақ болған еді.

Футболшы Миланға ұшып келіп, медициналық тексерістен өткен, алайда нәтижелер клуб басшылығында күмән туғызып, келісім-шарт жасалмады.

Тексерістен кейін Виктор Бонифейс Германияға қайтып оралды. Оның "Байермен" келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды болып қала береді.

"Байер Леверкузеннің” спорт директоры Саймон Рольфес Неміс басылымдарына берген сұхбатында бұл трансфердің тоқтатылғанын растады. Ол келісімді қайта қарау жоспарланбайтынын да атап өтті.

Бонифейс 2023 жылы "Байерге” қосылып, қысқа уақыт ішінде команданың негізгі шабуылшыларының біріне айналған еді. Оның "Миланға” ауысуы биылғы жаздың ең ірі трансферлерінің бірі ретінде күтілген. Дегенмен медициналық тексерістің нәтижелері футболшының Италияға көшуіне кедергі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×