Виктор Брага Премьер-лигадағы 50 кездесуін өткізді

06.04.2024, 22:17

ҚПЛ “Атырауға” қарсы өткен кездесу жартылай қорғаушы Виктор Брага үшін 50 болып тіркелді. 

Виктор Брага Премьер-лигадағы 50 кездесуін өткізді

Виктор ішкі чемпионатта 2022 жылдың 5 наурызынан бері өнер көрсетіп келеді. Ол ҚПЛ дебюттық кездесуін “Ордабасы” сапында өткізді. Жалпы шымкенттік ұжым жейдесінде жартылай қорғаушы 24 рет алаңға шықты. 

Өткен маусымда Виктор “Мақтаарал” намысын қорғады. Сөйтіп атакенттік ұжымнан ол “Жетісу” сапына ауысты. Осы маусымда Брага 2 ойын өткізді.

Премьер-лиганың 50 матчының қорытындысы бойынша 22 жастағы ойыншы 1 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×