"Спортинг" клубының шабуылшысы Виктор Гьёкереш клуб президенті Фредерик Варандасқа енді командада ойнамайтынын жеткізді. Бұл туралы инсайдер Дэвид Орнштейн The Athletic басылымы арқылы хабарлады.
Мәліметтерге сүйенсек, 27 жастағы Швед футболшысы клубтың маусымалды жиынына оралуды жоспарлап отырған жоқ. Ол Лондонның "Арсеналына” ауысуды қалап отыр. Гьёкереш командамен бес жылдық келісімшартқа алдын ала келіскен, алайда екі клуб әзірге қаржылық талаптар бойынша ортақ шешімге келе алмауда.
Өткен маусымда Виктор 52 матчқа қатысып, 54 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.
Transfermarkt порталының дерегі бойынша, футболшының нарықтық құны 75 миллион еуро.