Виктор Кумыков
Оның айтуынша, Глазгода алматылықтарды ең ауыр сынақ күтіп тұр – «Селтик Парктегі» атмосфера мен психологиялық қысым. Кумыков 2013 жылы «Шахтердің» өз алаңында шотландтарды жеңіп, бірақ сыртта соңғы минуттарда екі гол жіберіп ұтылғанын еске салды.
Маманның пікірінше, қазіргі «Селтик» кезінде «Барселонаны» жеңген командадан әлсіздеу, ал «Кайраттың» тәжірибесі молырақ. Сондықтан олардың мүмкіндігі «Шахтерге» қарағанда жоғары.