Алматыда өткен «Қайратпен» ойындағы тең есептен кейін «Қайсар» футбол клубының бас бапкері Виктор Кумыкoв команданың ойынына қатысты пікір білдірді.
— «Қайратқа» қарсы ойнау әрқашан қиын. Тіпті олардың негізгі құрамындағы барлық ойыншылары алаңда болмаса да, футболшыларының деңгейі жоғары. Табиғи алаңда доп тебу қиындық тудырады. Біз үнемі жасанды, сапасы төмен алаңда жаттығамыз. Ойыншылардың аяқтары бір төсенішке үйреніп қалады. Мүмкін, матч алдындағы жаттығуды өткізуіміз қателік болған шығар. Бірақ басқа амал болмады. Әдетте біз ойын болатын күні ғана келеміз, бірақ ол кезде футболшылар аяқтары ауырсынып, шағымданады», — деді Кумыкoв.
Сонымен қатар, ол сан жағынан басымдықта бола тұра, команда көп шабуыл ұйымдастыра алмағанын мойындады. Дегенмен, бапкердің айтуынша, жігіттердің жанкештілігі мен алаңдағы күш-жігері тең нәтижеге лайықты болды деді.
Айта кетейік, Алматыда өткен Қазақстан Премьер-Лигасының кезекті турында «Қайрат» пен «Қайсар» командалары кездесіп, матч 1:1 есебімен аяқталды.