"Қайсардың" жұлдызы Виктор Мозес виза мәселесіне байланысты елге орала алмауда, деп хабарлайды Aladop.kz.
Match KZ дереккөзінің хабарлауынша, 35 жастағы футболшы қазіргі уақытта Дубайда жүр. Ол Қазақстанда ұзақ мерзімді тұруға мүмкіндік беретін жұмыс визасының мақұлдануын күтіп отыр. Құжат рәсімдеу жұмыстары созылып кеткендіктен, футболшының жаңа командасына қосылу уақыты кейінге шегерілді.
Бұл жағдай Қызылорда клубы үшін үлкен соққы болуы мүмкін. Себебі, Қазақстан Премьер лигасының 1-туры аясында "Қайсар" өз алаңында елордалық "Жеңісті” қабылдайды.