Виктор Мудрак “Ордабасы” командасында қала бермек

Маусымның тең жартысын жарақатын емдеумен өткізген молдован ойыншысын Шымкент ұжымы кетіре алмай отыр.

Виктор Мудрак “Ордабасы” командасында қала бермек

Оған басты себеп Виктордың тағы бір жылдық келісім шартының болуында. “Ордабасы” Мудракты мерзімінен бұрын кетіріп, салдарынан оған өтемақы төлейтін шамасы жоқ. Осыған байланысты қорғаушы Дмитрий Челядник кетуімен командадағы жалғыз молдован ойыншысы болып қалады.

Еске салсақ, 31 жастағы ойыншысы Премьердің 13-турында оң аяғының тізесін жарақаттап, оған ота жасатқан болатын. Осы себептен Мудрак Ордабасы командасының маусым соңына дейін 19 матчын жіберді.

Transfermarkt порталы Викторды 190 мың еуроға бағалайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ФК Ордабасы
Aladop Youtube
×