Виктор Осимхен “Галатасарайға” ауысты

21.07.2025, 14:30

Түркиялық “Галатасарай” жазғы трансферлік маусымдағы ең сенсациялық келісімдердің бірін жүзеге асырды. Атақты инсайдер Фабрицио Романо растаған мәліметке сәйкес, Нигерия құрамасының шабуылшысы, “Наполидің”  жұлдызы Виктор Осимхен толықтай Түрік клубының ойыншысы атанатын болды.

Виктор Осимхен “Галатасарайға” ауысты

Келісімнің жалпы құны 75 миллион еуроға бағалануда. “Галатасарай” бастапқыда 40 миллион еуро төлейді, ал қалған 35 миллионын бір жылдан кейін береді. Сонымен қатар, “Наполи” клубы ойыншыны кейінірек сатқан жағдайда түскен табыстың 10 пайызын алып отырады және келісімге шабуылшының гол соғуына байланысты арнайы бонус та енгізілген.

Футболшы мен клуб арасындағы ауызша келісім толықтай жасалды. Енді екі клуб 24 сағат ішінде ресми құжаттармен алмасып, трансферді заңды түрде рәсімдеуді жоспарлап отыр.

Айта кетерлік жайт  келісімшартта ерекше талап бар, Осимхен алдағы екі жыл ішінде Италия чемпионатына яғни ешқандай Италиялық командаға сатыла алмайды. 

Виктор Осимхен “Наполи” сапында жарқырап, 2022/23 маусымында клубқа 33 жылдан кейінгі алғашқы Серия А чемпионы атануға көмектескен еді.

Өткен маусымда “Галатасарай” сапында жалда ойнаған ол осылайша команданың толыққанды ойыншысы атанып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×