Виктор Осимхен “Галатасараймен” ұзақмерзімді келісімшартқа жасауға келісті

08.07.2025, 08:00

Нигерия құрамасының және "Наполи" клубының шабуылшысы Виктор Осимхен Түркияның "Галатасарай" командасымен ұзақмерзімді келісімшартқа келісті. Бұл туралы журналист Ягыз Сабункоғлу X әлеуметтік желісінде хабарлады.

Виктор Осимхен “Галатасараймен” ұзақмерзімді келісімшартқа жасауға келісті

Ақпарат көзінің мәліметінше, тараптар үш жылдық келісімге, сондай-ақ тағы бір маусымға ұзарту опциясына келіскен. Бұған дейін "Галатасарай” Осимхенді "Наполиден” толығымен сатып алғысы келетінін мәлімдеген болатын. Түркиялық клуб ойыншы үшін €50 миллион көлемінде ресми ұсыныс жасаған, ал тағы €5 миллион бонус ретінде қарастырылған. Алайда Италия чемпиондары бұдан да жоғары баға күтуде.

Өткен маусымды Осимхен "Галатасарай" сапында жалда ойнаған. Ол Түркия Суперлигасында 30 матчта өнер көрсетіп, 26 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×