Виктор Тарчило: «Ақтөбе қаласында ойнай алмайтынымыз өкінішті»

29.01.2021, 20:40
Бұл ойын 16-21 ақпан аралығына жоспарланған.
Виктор Тарчило: «Ақтөбе қаласында ойнай алмайтынымыз өкінішті»

Осыдан бір апта бұрын УЕФА чемпиондар лигасының 1/8 финалына өткен "Ақтөбенің" қарсыласы анықталған еді. Словениялық "Добовец" командасымен болатын ойын Ақтөбе қаласында емес, Алматы қаласындағы "Нұр-Аман" спорт кешенінде өтетін болды. Осы жағдайға байланысты команданың бас бапкері Виктор Тарчило өз пікірін білдірген болатын.

- Бізге оңай команда түскен жоқ. Біздің қарсыласымыз болуы мүмкін 8 команданың бәрі де өз елінің жеңімпаздары. Соның ішінде Чемпиондар Лигасында тұрақты ойнап жүрген "Добовецпен" ойнау қиынға түсетіні сөзсіз. Себебі бұл команданың Словения мен Хорватия ұлттық құрамаларының үздік ойыншыларынан құралғанын бәрі біледі.

Жеребе нәтижесі бойынша қонақтарды қабылдауға біз мүмкіндік алдық. Бұл дегеніміз жақсы жаңалық. Себебі ол жаққа бару үшін ұзақ жолдармен жүріп, ұшып барудың психологиялық, физикалық және климаттық ауа-райы жағынан қатты әсері бар. Ақтөбе қаласында ойнай алмайтынымыз, өкінішті әрине, дегенмен қазіргі жағдайға байланысты ойындарға жанкүйерлерді кіргізбейтінін білесіздер. Қаламыздағы спорт кешен белгілі бір стандарттық нормаға сәйкес келмегендіктен Алматы қаласында ойнауға шешім қабылдадық.

Қазіргі таңда ел біріншілігіне дайындықты бастап кеттік. Алдағы айдың басында Алматы қаласында өтетін біріншілікте алдымен "Атырау", кейін "Бәйтерек" пен "Нұрсұлтан" командаларын жеңу маңызды. Ең бастысы ойыншылар Чемпиондар лигасына жарақатсыз келсе екен деп тілеймін. Жігіттердің көңілі көтеріңкі, қазір теориялық және тактикалық жаттығуларға мән беріп жүрміз. Алда әлі көп жұмыстар бар. Жеңісті күндерде жолыққанша. Алға "Ақтөбе"!

"Ақтөбе" футбол клубының баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×