Виктор Тарчило: «Біріншілікте жай өтіп кететін қарсылас жоқ»

02.11.2020, 18:07
«Ақтөбе» соңғы матчта «Аятты» 4:2 есебімен жеңген болатын.
Виктор Тарчило: «Біріншілікте жай өтіп кететін қарсылас жоқ»

Футзалдан «Ақтөбе» командасының бас жаттықтырушысы Виктор Тарчило «Аятқа» қарсы ойыннан кейін сұхбат берді.

- Біріншіден барлықтарыңызды бүгінгі жеңіспен шын жүректен құттықтап, жақсы ойын көрсеткен жігіттерге алғыс айтқым келеді. Олар бүгін барлық нұсқауымды тиянақты орындады деуге болады, әсіресе бірінші таймда. Қазіргі таңда барлық матчқа барыңды салып ойнауың керек, есе жіберуге болмайды. Жігіттерге берілген негізгі тапсырма психологиялық тұрғыда өзін өзі жеңу, оны команда орындады. Бұл қуантарлық жағдай.

Екінші мәселе - "Оқжетпеспен" өткен ойыннан кейін біздің көңіл-күйіміз болмады. Оған әрине сөзсіз өзіміз кінәліміз. Қарсыласты бағаламау немесе өзіңнің күшіңді тым асыра бағалау бұл жеңіліске алып келетіні ақиқат. Дегенмен алдымызда әлі де маңызды ойындар бар екенін ұмытпауымыз керек. Әр ойын бұл соңғы матч екенін түсінуіміз қажет. Турнир өте ауыр және қиын. 8 ойын қатарынан ойнап, өзіңді бабыңда ұстау оңай емес. Десе де менің жігіттерім қойылған барлық талаптарды уақытылы орындап, дайындалуда.

Алда әлі қиын ойындар күтіп тұр. Біріншілікте жай өтіп кететін қарсылас жоқ. Сол үшін де әр ойында өзіңді бірінші минуттан-ақ дәлелдеу керек. Ойыншылар мен жанкүйерлерді тағы да жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын.

Естеріңізге сала кетейік, кеше футзалдан «Ақтөбе» командасы біріншіліктің 5 турында қостанайлық «Аят» командасын 4-2 есебімен жеңіп, турнирлік кестенің 2-орынына жайғасты. Енді «Ақтөбе» бүгін жергілікті уақытпен сағат 14:00-де «Байтерек» командасымен кездесетін болады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×