«Вильярреал» «Валенсияның» екі ойыншысын сатып алды

13.08.2020, 00:48
Екеуі де «Валенсияның» негізгі ойыншылары еді.
«Вильярреал» «Валенсияның» екі ойыншысын сатып алды

«Вильярреал» «Валенсия» ойыншысы Дани Парехоның ауысқанын хабарлады.

31 жастағы жартылай қорғаушы жаңа клубымен 4 жылдық келісімге қол қойды. БАҚ-тың хабарлауынша, трансфер құны шамамен 3 миллион еуроны құрады.

Парехо бүгін таңертең "Вильярреалға" келіп, медициналық тексерістен өтті.

Парехо «Валенсияда» 2011 жылдан бері ойнап келеді. "Валенсиямен" екі жылдық келісімшарты қалғанына қарамастан, Дани басшылықпен келіспеушіліктерге байланысты клубтан кетуге шешім қабылдады.


Сонымен қатар «Вильярреал» «Валенсияның» тағы бір футболшысы Фрэнсис Кокленді алғаны туралы хабарлады.

Тараптардың келісімі төрт маусымға есептелген. Испаниялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, трансфер құны 10 миллион еуродан аз болған.

Франциялық жартылай қорғаушы 2018 жылы «Арсеналдан» 14 миллион еуроға «Валенсияға» ауысып келген.

Испания чемпионатының соңғы маусымында Коклен команда үшін 26 матч өткізіп, бір гол соққан.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×