Винченцо Монтелла Түркия футболы тарихына кірді

51 жастағы бапкер патшалар құрамасының ең көп жеңіске жеткен бапкерлері тізімінде үздік үштікке енді.

Винченцо Монтелла Түркия футболы тарихына кірді

Еске салсақ, Түркия құрамасы Әлем чемпионаты іріктеуі аясында өткізген соңғы кездесуінде Болгария құрамасын 1:6 есебімен ойсырата жеңген еді. София жерінде өткен тартысты текетіресте Монтелла командасы сапынан Арда Гүлер, Попов (автогол), Кенан Жұлдыз дубль, Зеки Челик және Ирфан Кан Кахвечи ерекшеленген болатын.

Аталған кездесуде жеңіске жету арқылы бапкер Винченцо Монтелла янычар ұжымының тарихына өз атын бекітті.

Түркия құрамасының ең көп жеңіске жеткен бапкерлері:

1.Фатих Терим - 135 матч, 70 жеңіс

2.Шенол Гюнеш - 82 матч, 38 жеңіс

3.Винценчо Монтелла - 26 матч, 14 жеңіс

4.Джошкун Озары - 51 матч, 13 жеңіс

5.Стефан Кунтц - 20 матч, 12 жеңіс

6.Мустафа Денизли - 37 матч, 12 жеңіс

7.Ерсін Янал - 15 матч, 8 жеңіс

8.Сандро Пупо - 31 матч, 8 жеңіс

9.Гус Хиддинк - 16 матч, 7 жеңіс

10.Абдулла Авчи - 18 матч, 6 жеңіс.

Айта кетейік, 14 қазан күні түріктер итальяндық бапкерімен бірге өз жерінде гүржілерді қонақ қылады. Аталған кездесу Измит қаласының Коджаели стадионында өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×