Винисиус Жуниор АПЛ-да өнер көрсетуі мүмкін

21.12.2019, 22:14
Винисиус Жуниор АПЛ-да өнер көрсетуі мүмкін

El Desmarque басылымының хабарлауынша, "Реал Мадрид" шабуылшысы Винисиус Жуниор ағылшын клубтарының біріне ауысуы мүмкін. Бір қызығы сатып алғысы келетін ұжымдар саны да жетерлік. Аталған ақпарат көзінің мәліметінше, "Арсенал", "Челси", "Тоттенхэм", "Манчестер Юнайтед", тіпті "Вулверхэмптон" бразилиялық ойыншыны өз қатарынан көргісі келеді.

Сондай-ақ, 19 жастағы сұрмергенге "Интер", "Рома" сынды ұжымдардан да ұсыныс бар көрінеді. Дегенмен қазіргі еңбек келісім-шарты 2025 жылға дейін жарамды.

Биылғы маусымда футболшы 14 ойында 2 гол салып, бір нәтижелі пас берген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×