“Реал Мадрид” ойыншысы Вирджиния Фонсека есімді әйелмен жақын қатынасқа түсіпті.
Бразилиялық блогер соңғы күндері Мадридке жиі қонақтап кетіпті. Осыдан күдіктенген испандық БАҚ өкілдері арнайы бақылау орнатып, Вирджинияның Винисиус Жуниормен кездесіп жүргенін анықтаған.
26 жастағы блогердің үш перзенті бар. Және ол балалардың барлығы әнші Зе Фелипенің тұқымы. Алайда осы жылдың мамыр айында ерлі-зайыпты ажырасып кеткен.
Бір қызығы, 2024 жылы Зе Фелипенің әйелі бола тұрып, Вирджиния Неймармен жеке яхтада көңіл қосқан. Өздеріңіз байқап отырғандарыңыздай, Фонсеканың ендігі нысаны Винисиус Жуниорға бағытталыпты.