Винисиус Жуниордың тағдыры қыл үстінде

23.04.2025, 16:55

Marca басылымының хабарлауынша, FIFA оның бірнеше футбол клубының иесі екенін анықтап, қарама-қайшы қызығушылықтарға тыйым салатын ережелерді бұзуы бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Винисиус Жуниордың тағдыры қыл үстінде

Бұл ереже футболшылардың, жаттықтырушылардың немесе шенеуніктердің бір уақытта бірнеше клубтың иесі болуына немесе басқаруына тыйым салады, себебі бұл футболдағы әділ бәсекелестікке кері әсер етеді.

FIFA Винисиустың бұл ережені бұзғанын дәлелдесе, оған 2 жылға дейін футболдан шеттету жазасы қолданылуы мүмкін. Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде және шешім алдағы айларда шығуы мүмкін. Винисиус пен оның өкілдері бұл айыптауларға қатысты пікір білдірмеді.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×