Вирус жаңалықтары: Италияда жаттығу басталды, Куманның жүрегі сыр берді

Әлем футболындағы соңғы жаңалықтар.
Вирус жаңалықтары: Италияда жаттығу басталды, Куманның жүрегі сыр берді

"Арсенал" жартылай қорғаушысы Месүт Өзіл 80 мың фунт стерлинг көлемінде қаржы бөліп, Түркияда короновирус кезінде ораза тұтқан мұсылмандарға көмек жіберді. Сонымен қатар, Месүт Түркия мен Сирияның ортасындағы 16 мың адамға медикамент пен азық-түлік жіберткізді.

Гарри Уильямс деген футбол агенті ағылшын премьер-лигасын Аустралияның Перт деген қаласына барып ойнауға болатынын айтты. Тіпті ұсыныс та тастапты. Перт қаласында жағдай бір қалыпты. Футбол ойнауға табиғи жағдай жақсы келіп тұр. Телекөрсетілімнен де еш мәселе жоқ. Уильямс енді осы ұсынысын Британия билігіне айтып көрмекші, себебі бірнеше клуб бұл бастаманы қолдап отыр.

6 мамыр күні "Барселона" ойыншылары коронавирусқа тест тапсырады. Егер ешкімде індет табылмаса онда жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады деген сөз. Физиотерапевтпен бірге жаттығу жасағаннан соң, футболшылар бірден үйлеріне қайтады. Тіпті душқа да түспейді екен. "Барса" басшылығы осылай шешім қабылдады. Сосын теориялық сабақтарға 14 адамнан артық баруға болмайды.

"Бавария" коронавирусқа тест тапсырды. Ешқандай ойыншыда індеттің белгілері табылмады. Енді олар жақын арада жаттығу жұмыстарына көщеді. Италия билігі «Эмполи», «Рома», «Лацио», «Наполи», «Милан» және «Интер» командаларына жаттығу жасауға рұқсат берді. Мұны ести салған клубтар жаттығудың қамына кірісті. 4-мамыр күні "Рома", 5-мамыр күні "Интер", 7-мамыр күні "Наполи", 8-мамыр күні "Милан" командасы жаттығуды бастайды.

Голландия құрамасының бас бапкері Рональд Куман жүрегі ауырып, кардиохирургиядан бір-ақ шықты. Қазір бапкердің жағдайы жақсы. Нидерланды біріншілігі бітіп кетсе де "Аякс" клубы жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Негізгі құрамның 12 футболшысы бір күнде жаттықса, қалған ойыншылар келесі күні жаттығады екен. Осы елдің екінші лигасы Ерстедивизиясында көшбасшы болып тұрған "Камбюр" клубы жоғарғы лигаға шыға алмайтынына қапалы болып, аппеляция бермекші. Сол арызды тапсыру үшін 1000 франк керек екен. Бұл ақшаны жанкүйерлер стадионға келіп, жинап жатыр. Клуб басшылығы жанкүйерлер машинамен трибунаға дейін келетіндей қылып жасапты. Сол жерде олар стикер сатып алады. Қазір клуб 45 мың еуро көлемінде ақша жинады. Енді футбол федерациясына шағымданады. Соңғы рет олар 2016 жылы жоғарғы лигада ойнаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×