Виталий Балашов: «Гол соғуды жалғастырғым келеді»

27.09.2021, 16:17
Шабуылшы кеше «Ақтөбе» жейдесіндегі дебюттік голын соқты.
Виталий Балашов: «Гол соғуды жалғастырғым келеді»

«Ақтөбе» шабуылшысы Виталий Балашов Премьер-лиганың 22-турында «Жетісуға» қарсы өткен ойын (2:0) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

- Виталий, жеңіспен және «Ақтөбедегі» дебюттік голыңмен құттықтаймын! Матчтан кейінгі көңіл-күйіңіз қалай?

- Құттықтауларыңызға көп рахмет! Тек позитивті эмоциялар қалды. Мен осылай жалғастырғым келеді. Гол соқтым, иә, тағы да гол салуым мүмкін еді. Біз мұнымен тоқтай алмаймыз. Келесі ойын «Қайсармен» өтеді. Біз осы матчқа қалай дайындалсақ, солай жұмыс жасаймыз. Қызылордада тек жеңіс үшін ойнаймыз.

- Бірінші тайм тартысты болды. Ал екінші таймда қарсылас ойын тізгінін өз қолдарына алды. Бұл жайында қандай пікір білдіресіз?

- Айту қиын. Екінші таймда қарсылас басым болды ма? Мен олай айтпас едім. Бізде бас жаттықтырушымен теориялық сабақ болады. Жіберген қателеліктерді реттейміз. Ол бізге ненің дұрыс болғанын және қай жерде қателескенімізді айтады. Мүмкін қорғанысқа жатып, дұрыс ойнамаған шығармыз. Біз бәрін талдап, әрі қарай жалғастырамыз.

- Бас бапкер бірінші таймнан кейін командаға не айтты? Екінші таймға қандай тапсырмалар жүктелді?

- Киім ауыстыру бөлмесінде жаттықтырушы бізге қорғаныста сауатты ойнау керектігін айтты. Мүмкіндіктерді пайдаланып, жеңіске жету керек болды.

- Жанкүйерлерге айтарыңыз бар ма?

- Ақтөбелік жанкүйерлер туралы көп естідім. Мен олардың Қазақстандағы үздік жанкүйерлер екенін білемін. Жанкүйерлермен ойнау әрқашан жағымды әсер сыйлайды. Оларға тек алғыс айтамын. Әр ойын сайын көрермендерді стадионға көптеп тартуға тырысамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×