Виталий Левченко “Истиқлол” командасына қайтып оралды

53 жастағы жаттықтырушы “Ертіс” командасында қызмет жасауы тиіс болған.

Виталий Левченко “Истиқлол” командасына қайтып оралды

Тәжікстандық азамат “Ертістің” негізгі және жастар футболының дамуына жауапты кеңесші жұмысына қабылдануы керек еді. Алайда бапкерлік мансабынан қол үзіп қалмауды құп көрген Виталий ақыры соңында Душанбенің атақты ұжымына қосылды.

Өткен жылы Левченко тізгінінде өзбекстандық “Нефтчи” командасы өз тарихында 24 жылда алғаш рет чемпиондыққа қол созды. Жаттықтырушы Юрий Саркисяннан кейін Ферғана ұжымына үлкен трофей алып келген екінші бапкер атанды. Одан тағысы, Виталий 2019/20 және 2020/21 жылғы маусымда “Истиқлолмен” тәжікстан біріншілігін екі рет қатарынан жеңді.

Айта кетейік, Виталий бапкерлік мансабында “Десна”, “Еднисть Плиски”, Тәжікстан U18, “Крылья Советов”, “Худжанд”, “Арсенал” Киев, “Княжа” ұжымдарында түрлі қызметтер атқарды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×