Виталий Волков: «Әрине жанкүйерлерсіз және өзге стадионда ойнау қиынның қиыны»

09.10.2020, 03:22
Виталий Волков: «Әрине жанкүйерлерсіз және өзге стадионда ойнау қиынның қиыны»

«Ақтөбе» ФК капитаны Виталий Волков Бірінші лишаның алғашқы айналымының нәтижесі туралы пікір білдірді.

«Ең бастысы біз бірініші орындамыз. Біріншілік басталғаннан кейін көңіл-күй оңтайлы. Дегенмен психологиялық тұрғыда 6 ай біріншілікке дайындалу қиынға түседі екен. Сонымен қатар өзге алаңда, біздің ең мықты жанкүйерлерсіз ойнау қиынның қиыны. Өзіміздің стадионда ойнағанда олар бізге күш беріп тұратын еді. Бірінші матчта мен пенальти сала алмадым. Сол үшінде психологиялық тұрғыда ұзақ уақыт көңіл-күйім болмады. Себебі матч қорытындысы басқаша болуы мүмкін еді. Бірақ пенальти бұл лоторея ғой, бірде жолың болады, бірде болмайды.

Қазіргі таңда 2-3 күн демалып, 2-ші айналымға тыңғылықты дайындалудамыз. Ең бастысы дайындық жауынгерлік көңіл-күймен жақсы жүріп жатыр. Сондай-ақ әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан мен гол салғаннан кейінгі іс-қимылымды түсіндіре кетейін. Бірден айтайын мұның қарсылас команда мен төрешіге еш қатысы жоқ (күліп). Бұл жерде мен тек қолымдағы бицепсті көрсеткен болатынмын. Қате түсінбеңіздер.

Сонымен қатар біздің ойынымызды сырттай көріп, уайымдап жүрген жанкүйерлерге үлкен алғысымды білдіремін. Үйден алыс жерде болсақта біз сіздердің қолдауларыңызды білеміз, сезінеміз. Мыңдаған километрді артқа тастап, көрерменсіз өтіп жатқан матчқа келіп, бізге қолдау білдіргені үшін 13 сектор жігіттеріне үлкен құрметімді білдіремін. Сіздердің стадионға келіп, ән айтып қолдау білдіргендеріңізді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Осындай перфомансқа үлкен рақмет. Жақын арада міндетті түрде кездесеміз».

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×