Виталий Жуковский “Атыраудан” кетеді деген ақпарат жалған болып шықты

41 жастағы маман “Атыраудағы” жұмысын әрмен қарай жалғастыра бермек.

Виталий Жуковский “Атыраудан” кетеді деген ақпарат жалған болып шықты

Осы жылдың жаз айында “Атырау” тізгінін қайта ұстаған беларус Виталий Жуковский ешқайда кетпейтінін жеткізді. Тәжірибелі бапкер өзі жайында таралған ақпараттар жалған екенін алға тартты.

Жалпы Виталий өзінің бапкерлік мансабын 2010 жылдан бері жалғастырып келеді. Ол 10 жыл бойы “Ислочь” клубында қызмет жасап, 2021 жыл жақындап қалған шақта беларусь мақтанышы БАТЭ-ге жұмысқа орналасады. Бір жылдық тәжірибеден кейін Виталий өз отанынан кетіп, қазақстандық “Атырау” мен “Тұран” командаларын жаттықтырады. 

15 жылдық жұмыс өтілінде 41 жастағы бапкер БАТЭ-мен бірге Беларусия Кубогының жеңімпазы атанды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×