Виталий Жуковский: “Байсуфиновтың Ұлттық құрамадан кетуі — Қазақстан футболы үшін үлкен жоғалту”

Бүгін, 16:27

Беларусьтік маман, "Атырау" мен "Тұранның" бұрынғы бас бапкері Виталий Жуковский Талғат Байсуфиновтың Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен күтпеген жерден кетуіне қатысты өз ойын бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Виталий Жуковский: “Байсуфиновтың Ұлттық құрамадан кетуі — Қазақстан футболы үшін үлкен жоғалту”

Sports.kz сайтына берген сұхбатында ол, отандық маманның біліктілігін жоғары бағалап, бұл шешімді құрама үшін сәтсіз қадам деп атады.

Виталий Жуковский Талғат Байсуфиновтың инфрақұрылымы күрделі аймаққа барып, жоқтан бар жасағанын ерекше атап өтті:

"Мен Қазақстанға алғаш келгенімде бұл маманды танымайтынмын. Оның командасы Бірінші лигада ойнап жүрген еді. Кейін Шымкентте танысқанда, оның футболмен өмір сүретін, білімі терең жан екенін түсіндім. Астана немесе Алматы сияқты барлық жағдайы жасалған, дайын футболшылары мен базасы бар қалаларда команда құру — бір басқа. Бірақ ол өте алыстағы Жезқазғанға жұмыс істеуге кетті. Ол қалада болған адам ретінде айтайын, ол жақта еңбек ету өте қиын. Ол осы қиындықты қабылдап, "Ұлытауды" Премьер лигаға алып шықты."

Жуковскийдің пікірінше, Байсуфинов баптаған тұста Ұлттық құрама тартымды ойын өрнегін көрсеткен:

"Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы жақсы ойнады, қорғанысқа тығылып қалмай, өте қызықты футбол көрсетті. Ұжымда тамаша ауызбіршілік бар екені анық байқалды. Ол жақта нақты не болғанын білмеймін, бірақ маған бұл шешім Қазақстан ұлттық құрамасы үшін үлкен жоғалту сияқты көрінеді.” – дейді Жуковский.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×