"Атырау" клубының бас бапкері Виталий Жуковский Премьер лиганың 26-турында өткен "Елімайға" қарсы (2:3) кездесуден кейін клубтың баспасөз қызметіне өз ойымен бөлісті.
Бапкердің айтуынша, маусым соңындағы бұл матч команда үшін оңай болған жоқ:
"Бізге қысым көп болды. Бірақ ең бастысы – "Атырау” келесі маусымда да Премьер лигада ойнайды. Бұл – тек бапкерлер мен футболшылардың емес, бүкіл клуб ұжымының еңбегі. Басшылықтан бастап, қызметкерлерге дейін бәрінің үлесі бар."
Жуковский жанкүйерлерге де алғысын білдіріп, олардың қолдауы командаға күш бергенін айтты:
"Біз қуаныштымыз, өйткені біздің жанкүйерлер бірінші лига емес, Премьер лига матчтарына келуді жалғастырады."
Сондай-ақ, ол қарсылас команданы да жылы лебізбен атап өтті:
"Елімайды" шын жүректен құттықтаймын. Олар қысқа мерзімде үлкен жетістікке жетіп, енді Еуропа Конференциялар лигасында ойнайтын болады. Олардың еңбегктері ақталды.
Осылайша, маусымның соңғы турында жеңіліс тапқанына қарамастан, "Атырау" Премьер лигадағы орнын сақтап қалды. Ал Жуковскийдің сөзі клубтың биылғы маусымдағы күрестің қаншалықты қиын болғанын айқын көрсетіп отыр.