Виталий Жуковский: «Өз алаңымызда көптен бері жеңіске жетпеген едік»

05.09.2022, 16:32
«Мұнайшылар» «Каспиймен» болған матчта керемет камбэк жасады.
Виталий Жуковский: «Өз алаңымызда көптен бері жеңіске жетпеген едік»

«Атыраудың» бас бапкері Виталий Жуковский Премьер-лиганың 18-туры аясында «Каспийге» қарсы өткен ойынға (3:2) қатысты пікір білдірді:

- «Ақжайықпен» болған матчтағы жағдай қайталанды, олар бірінші соққыдан-ақ бізге гол соқты. Алғашқы жиырма минутта қарымта шабуылдарға шыққанымызбен қарсылас қақпасынан саңылау табу мүмкін болмады. Бұл гол бізге психологиялық тұрғыда ауыр тиді, себебі өз алаңымызда көптен бері жеңіске жетпедік. Көп қателестік. Бақытымызға орай, бірінші таймда екінші голды жібермей, шыдап бақтық. Үзіліс кезінде бірден схеманы ауыстырып, 4-2-3-1 жүйесімен ойнау туралы шешім қабылдадық. Бұл нәтиже берді, біз белсендірек ойнай бастадық. Мен комардамдағы барлық ойыншыларымды атап өткім келеді, олар бір механизм сияқты күресті, ерік-жігер көрсетті. Мен үшін бұл өз алаңымыздағы алғашқы ойын болды. Жанкүйерлер көп жиналды, оларға матч бойы қолдау көрсеткені үшін рахмет айтвмын. Олар бізге серпін берді, алға жетеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×