Виталий Жуковский «Тұранмен» ҚПЛ жүлдесін еншілей ала ма? Танымал футболшы Беларусь бапкерінің талантына тәнті

10.05.2025, 12:53

«Арсенал», «Барселона» мен Беларусь құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Глеб отандасы Витали Жуковскийдің «Тұрандағы» жұмысы  жайлы айтты.

Виталий Жуковский «Тұранмен» ҚПЛ жүлдесін еншілей ала ма? Танымал футболшы Беларусь бапкерінің талантына тәнті
Виталий Жуковский

«Онымен «Ислочьте» түйіскенбіз, жақсы танимын, доспыз. Жуковский футболды өте қатты жақсы көреді және оны жарқын болашақ күтетініне сенімдімін. Қазірдің өзінде-ақ ортаңқол клубтармен жемісті өнер көрсетіп, көп дүниені дәлелдеуде. Егер Виталикке уақыт беріп, командасын күшейтетін болса, «Тұран» келесі маусымда жүлдеге таласа алады», - деді А. Глеб Meta-ratings.kz-ке. 

Айта кетейік, «Тұран» ҚПЛ-2025-те 7 турдан кейін сегізінші орында келеді. Виталий Жуковский былтыр «Атыраумен» нәтижелі ойнап, Қазақстан Кубогінің финалына шықты.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×