Владимир Чебурин Белорусь клубтарының бірін баптауы мүмкін

07.12.2019, 23:43
Владимир Чебурин Белорусь клубтарының бірін баптауы мүмкін

Мариямполенің "Судува" командасын жаттықтыратын қазақстандық бапкер Владимир Чебурин Белорусь ұжымдарының бірін баптауы мүмкін деп хабарлайды Futbolas.It.

Аталған басылымның хабарлауына "Судува" командасымен Литва чемпионатында қатарынан 3 рет чемпион атанған соң, Чебурин өзге клубтармен келіссөз жүргізуде. Бұл қатарда Минск қаласының екі бірдей ұжымы "Минск" пен "Динамо" да бар.

Алайда "Судува" президенті Видмантас Мураускастың айтуынша Владимир Чебуринмен екі жақты келісім шарт дайын. Тек бас бапкердің соңғы жауабын күтіп отырған көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, Владимир Қазақстанда "Шахтер", "Оқжетпес" клубтарын жаттықтырған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×