60 жастағы маман соңғы рет вильнюстық Жальгиристі жаттықтырды.
Қазақстандық маман литва ұжымын 2020 жылы тізгіндеген болатын. Содан осы уақытқа дейін ол Жальгириспен бірге барлығы 229 матч өткізіп, соның 132 жеңіп, 49 тең ойнап, қалған 48 жеңіліс тапты.
Чебурин қызмет жасап жүргенде жасылдар ұжымы 3 рет Литва чемпионы және 2 рет Литва Кубогын бастарына көтерді.
Алайда бапкердің осы жылғы көрсеткіштері Вильнюс фанаттарын қуанта қоймады. Команда Солтүстік Ирландияның “Линфилд” деген ұжымынан күтпеген жерден ұтылып, еурокубоксіз қалды. Оның үстіне “Жальгиристің” чемпионаттағы жағдайы мәз емес. Мәселен, 5 тамыз күні болған ойында “Кауно” Жальгиристен 1:2 есебімен ұтылған сәтте, алаң иелері жанкүйерлері ойын барысында чемодандар лақтырып, Чебуриннің кетуін талап етті. Басшылықтан қолдау алып, клубта қанша қалғысы келгенімен Владимир ақыры соңында жұмыстан кетуіне мәжбүр болыпты.
Айтпақшы, қазақстандық маманның орнына жергілікті Роландас Джяукштас келді.