Владимир Мазяр: «Бізде жүйесіз ойын сәттері өте көп»

18.03.2022, 18:10
Оралдық клубтың бапкері нәтиже үшін кешірім сұрады.
Владимир Мазяр: «Бізде жүйесіз ойын сәттері өте көп»

Оралдық «Ақжайықтың» бас бапкері Владимир Мазяр Премьер-лиганың үшінші турында «Ордабасымен» болған ойын (2:0) жайлы пікірін айтты:

- Мен өмірімде бірінші рет біздің бүгінгі көрсетсен ойынымыз үшін кешірім сұрағым келеді. Нәтижеге әсер еткен бірнеше нәрсе бар, ойыншының алаңнан қуылуы жайлы пікір білдірмей-ақ қояйын, десе де ол ойын барысына әсер етті. Тәртіптің сақталмауы екінші таймда біздің басқа футболды аңсауымызға әкеліп соқты. Ойыншылардың жеке шеберліктеріне қатысты бірнеше ескерту бар, біз шабуылды тәмамдаудың орнына допты жоғалтып жаттық. Бізде жүйесіз ойын сәттері өте көп, тағы бір мәрте қайталаймын, біз дұрыстауға міндетті нәрселер бар. Бірінші кезекте бізге нәтиже бере алатын құрамды жақсарту қажет. Сол себепті, кездесу жайлы менің басқа айтарым жоқ. Тек бүгінгі нәтиже үшін жанкүйерлер мен клуб басшылығынан кешірім сұрағым келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×