Владимир Муханов: «Қателіктің салдарынан шабуылда еркін ойнай алмадық»

17.04.2022, 18:52
«Ақтөбе» шабуылшысы матч соңындағы пенальтиді пайдалана алмады.
Владимир Муханов: «Қателіктің салдарынан шабуылда еркін ойнай алмадық»

«Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Муханов Премьер-лиганың алтыншы турында «Қызыл-Жармен» болған ойынды (1:1) қорытындылады:

- Драмаға толы матч болды. Дәл қазір бірдеңе деп айту қиын. Дегенмен, бірінші таймда екі команда да шабуылда еш алаңсыз ойнай бастады деп ойлаймын. «Қызыл-Жар» бұған үйреніп қалған болса, біз, жалпы, белгілі бір ритмді таңдап, позициялық шабуылдармен қатар, жылдам шабуылдар жасауға тырысамыз. Қарапайым жағдайларда көп қателік жібердік, бұл біздің шабуылда еркін ойнауымызға кедергі болды.

Бірінші таймның соңында стандарттан жіберіп алған гол кездейсоқ емес шығар. Бірақ екінші таймда бір команда басымдыққа ие болды деп айта алмаймын. Пенальти тебуге мүмкіндік алып, сәтті орындадық. Өкінішке орай, екіншісін голға айналдыра алмадық. Бірақ ондай жағдайлар болып тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×