Владимир Мұханов: «Қосалқы құрамдағы ойыншыларды тексеріп алдық»

16.08.2021, 15:35
«Ақтөбе» енді бар күшін Қазақстан чемпионатына жұмсайды.
Владимир Мұханов: «Қосалқы құрамдағы ойыншыларды тексеріп алдық»

"Ақтөбенің" бас бапкері Владимир Мұханов Қазақстан Кубогінің топтық кезеңіндегі "Астанаға" қарсы өткен ойын (1:1) туралы пікір білдірді:

- Бұл кубоктегі соңғы ойын болды. Біздің келесі кезеңге өтетін мүмкіндігіміз болмады. Сондықтан, қосалқы құрамдағы ойыншыларды тексеру керек болды. Негізгі және қосалқы құрамның ойыншысы ретінде көмектесе алатын жігіттерді байқадық. Негізінде бүгін бүкіл команда бар күшін салды. Біз қорғаныста сауатты ойнап, қарсы шабуылдарға иек арттық. Сондықтан жігіттердің келесі кезеңге шыға алмайтынын білсе де, барын салып ойнағаны бізді қуантады. Олар жай ғана кәсіби мамандар сияқты ойнады.

- Ауа-райы мен көрерменсіз ойын бүгінгі кездесуге қаншалықты әсер етті?

- Бұл факторлар әсер етті, әрине, өйткені мен көрермен біздің он екінші ойыншы екенін үнемі айтып келемін. Оларсыз жеңіске жету қиын. Ал ыстық ауа-райына келетін болсақ, бұл бізге байланысты емес еді. Жалпы, мен кешкі 7-8-де ойнағанымызды қалаймын. Бірақ трансляцияны басқа уақытқа қойған екен.

- Біздің команданың ойыншыларының көп болмауы матч нәтижесіне әсер етті ме?

- Әрине. Мүмкін жақсы жағынан шығар. Қайта біз қосалқы құрамдағы ойыншыларды тексеріп алдық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×