Чемпиондар лигасының екінші кезеңінде «Слован» командасы сырт алаңда «Зриньскимен» тең ойнап, келесі раундқа жолдама алды. Осы орайда қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс Владимир Вайсс ойынды қорытындылады.
«Сенбі күні бізде чемпионат аясында өз алаңымызда матч, ал сәрсенбі күні Қазақстанда ойын күтіп тұр. Сондықтан кесте ауыр. Оның үстіне ұзақ сапар күтіп тұр. Кеше «Қайрат» керемет ойын көрсетті. Ол жақта өте қиын болады. Мен ол жерде үш жыл болғанмын және бізді не күтіп тұрғанын жақсы білемін. «Зриньскиге» қарсы көрсеткен шеберлігіміз «Қайраттан» өтуге жеткіліксіз болуы мүмкін.
Бүгінгі матчтың алдында мен тең нәтижеге келісер едім. Бірақ командаға ешқандай жеңілдіктерге жол бермейміз деп ескерттім. Өкінішке қарай, дәл солай болып шықты. Біз матчты 2:2 есебімен лайықты түрде аяқтадық. Біз үшінші іріктеу кезеңіне өттік. Әрі қарай не болатынын көреміз. Біз ең басты міндетімізді орындадық. Күзде еурокубоктың жалпы кезеңінде доп тебуге мүмкіндік алдық, – деді «Слован» клубының бас бапкері Владимир Вайсс.
Айта кетейік, Владимир Вайсс 2012-2015 жылдар аралығында алматылық команданы тізгіндеген еді.
«Қайрат» пен «Слован» арасындағы алғашқы ойын 5 тамыз күні Алматының «Орталық» стадионында өтеді.