Владислав Васильев бұрынғы клубына қайта оралды

06.03.2021, 02:11
Васильев бұған дейін «Динамо» командасында ойнайтындағын хабарлаған еді.
Владислав Васильев бұрынғы клубына қайта оралды

23 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев "Энергетик-БГУ" клубына ауысты. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін футболшы "Динамо Брестте" ойнайды деп болжанған болатын. Өткен жылы қазақстандық футболшы "Рух" сапында жалдау шарты бойынша ойнады. 26 кездесу өткізіп, 8 гол мен 6 нәтижелі пастың авторы атанды.

Васильев "Энергетик-БГУ" сапында 2018 жылдан 2019 жылға дейін ойнаған. Футболшы ол командада 42 матч өткізіп, 12 гол соқты. Беларуссияның чемпионатының соңғы маусымында "Энергетик-БГУ" оныншы орынды иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×