Беларусь чемпионы Минскінің “Динамосымен” келісімшартқа отырған жартылай қорғаушы Владислав Васильев шымкенттік командадан кететін болды, деп жазады Аладоп.кз.
Футболшы “Ордабасы” сапында жалпы алғанда 20 ойын өткізіп, 1 гол мен 1 голдық пас берді. Шымкенттік ұжыммен Васильев өткен маусымда Қазақстан чемпионы атанды.
Өз мансабында Владислав “Андижан”, “Динамо” Брест, “Шахтер” Қарағанды, “Тобыл”, “Рух” және “Энергетик-БГУ” командаларында өнер көрсетті.
Жалпы Премьер-лигада жартылай қорғаушы 54 ойын өткізіп, 2 гол мен 1 голдық пас нәтижесін өз атына тіркеген.
Трансфермаркет Васильевті 300 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET