Войцех Щенсны “Барселонамен” келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартты

08.07.2025, 09:00

"Барселона" клубының қақпашысы Войцех Щенсны  командасымен жаңа келісімшартқа қол қойды.

Войцех Щенсны “Барселонамен” келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартты

Поляк қақпашы мен клуб арасындағы жаңа  келісім 2027 жылдың жазына дейін күшінде болады. Щенсны “Блауграна" сапына 2024 жылдың қазан айында қосылған болатын. Сол уақыттан бері ол барлық турнирлерде 30 матчқа қатысып, оның 14-інде қақпасын голдан аман сақтап қалды.

Transfermarkt порталының мәліметіне сәйкес, футболшының нарықтық құны 1 миллион еуро.

Өткен маусымда "Барселона” Щенснымен бірге Испания чемпионатын жеңіп, ел Кубогы мен Суперкубогын да иеленген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×