15 мамырда жаздық транфер терезесі ашылады. Онда «Восток» ФК бірнеше футболистермен құрамын жетілдіре түспек жоспарда.
Оған қоса команданың бапкерлер штабында бірнеше футболистерді трансферге ұсыну жайлы шешім қабылданды. Олар: қақпашы Кирилл Прядкин, қорғаушылар Владимир Седельников пен Жорже Мржанин (Сербия), жартылай қорғаушы Владимир Вуойвич пен Саша Добрич (екеуі де – Сербия), шабуылшы Джимми Мулиса(Руанда).